Пайдаланушы келісімі

Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – «Келісім») «AITU - Dala» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «​Компания​») (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 1/4 ғимараты) - «Ainews» сервисінің әкімшілігі және жеке тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») арасындағы Сервисті көпшілікке қолжетімді ақпаратты автоматты түрде индекстеу жолымен жинақталған интернет-сілтемелердің (бұдан әрі – «Сілтемелер») дербес ұсынымдарын қарау үшін пайдалануға қатысты қатынастарды реттейді.
1. Жалпы ережелер
  1. «AITU-Dala» ЖШС (бұдан әрі — «Компания») Интернет желісінің пайдаланушысына (бұдан әрі – Пайдаланушы) ​https://ainews.kz​ мекенжайы бойынша қолжетімді «Ainews» сервисін (бұдан әрі – «​Сервис​») пайдалануды ұсынады.
  2. Сервисті/оның жекелеген атқарымдарын пайдалануды бастай отырып, Пайдаланушы осы Келісімді, сондай-ақ көрсетілген барлық құжаттардың талаптарын толық көлемде, қандай да бір ескертпе, ауытқуларсыз қабылдаған болып есептеледі. Көрсетілген құжаттардың қандай да бір ережелерімен келіспеген жағдайда Пайдаланушының Сервисті пайдалануға құқығы жоқ.
  3. Келісімнің осы талаптарын Компания қандай да бір алдын ала хабарландырусыз өзгерте алады, Келісімнің жаңа редакциясы егер де онда басқасы көзделмеген болса, осы абзацта көрсетілген мекенжай бойынша Интернет желісіне орналастырылған сәтінен бастап күшіне енеді. Келісімнің қолданыстағы редакциясы үнемі ​https://ainews.kz/terms​. мекенжайындағы парақшада орналасады.
  4. Компания осы Келісім талаптарының 1.4. тармағында көзделген тәртіпте осы Келісімге Пайдаланушы келіспейтін қандай да бір өзгертулер енгізген жағдайда Пайдаланушы Сервисті пайдалануын тоқтатуға міндетті.
  5. Сервис Пайдаланушыға жаңалықтық ақпаратқа, сондай-ақ түрлі дереккөздерден алынған түрлі фото-, аудио- және видеоматериалдарға қолжетімділік алу мүмкіндігін ұсынады. Сервистің қазіргі уақытта қолданыста жүрген атқарымдарының барлығы, сонымен қатар оларды кез келген дамыту және/немесе жаңаларын қосу осы Келісімнің мәні болып табылады.
  6. Сайтқа қолжетімділік ала отырып және осы Пайдаланушы келісімін жасаса отырып, Пайдаланушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Пайдаланушы келісімін жасау мен орындауға қажетті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екеніне кепілдік береді.
  7. Сайтты пайдалану аясында Пайдаланушы тек дәйекті мәліметтер беруге міндеттенеді және берілген ондай ақпарат үшін өз бетінше толық жауапкершілік көтереді. Пайдаланушы аталған мәліметтерді уақытылы өзектендіруге міндеттенеді.
2. Сервисті пайдалану. Сервистің жекелеген атқарымдары
  1. Сервисте орналастырылған кез келген типтегі және ұсынылу нысаны әртүрлі ақпараттық материалдар (Келісімнің осы талаптарының 2.6. тармағында көрсетілген материалдардан басқа), оның ішінде мәтіндер, суреттер, фотосуреттер, аудио - және видеоматериалдар (мәтінде — «Ақпарат») Сервис серіктестері тарапынан ұсынылды немесе ашық дереккөздерден алынды және міндетті түрде дереккөзге сілтемені қамтиды. Ақпараттың құқық иелері мен иелерінің толық тізбесі https://ainews.kz/sources мекенжайы бойынша қолжетімді.
  2. Сервис Пайдаланушыға Интернет желісіне орналастырылған көпшілікке қолжетімді жаңалықтық ақпарат бойынша іздеу мүмкіндігін беру мақсатында Сервис серіктестері ұсынған Ақпаратты автоматты режимде индекстейді, аннотациялайды және жүйелейді. Осы тармақта көрсетілген автоматты аннотациялау мен жүйелеуді қоспағанда, Сервис Сервис серіктестері ұсынатын Ақпаратқа қатысты ешқандай өзгертулер мен түзетулерді жүзеге асырмайды, сонымен қатар Сервис шеңберінде қандай да бір өзінің Ақпаратын өндіру мен таратуды жүзеге асырмайды.
  3. Сервистің атқарымдық мүмкіндіктерін пайдалануға Пайдаланушы Әкімшілік белгілеген рәсімге сәйкес Сайтта тіркелу мен авторланудан өткеннен кейін ғана жол беріледі. Сервисті, оның ішінде оның атқарымдық мүмкіндіктерін пайдаланудың техникалық, ұйымдастырушылық және коммерциялық шарттары Сайтта жеке орналастыру немесе Пайдаланушыларға хабарлама жасау жолымен Пайдаланушыларға құлағдар етіледі. Пайдаланушы таңдаған логин мен пароль Пайдаланушының Сайтқа қолжетімділігі үшін қажетті және жеткілікті ақпарат болып табылады. Өзінің логині мен паролін үшінші тұлғаларға беруге Пайдаланушының құқығы жоқ, ол оларды сақтау тәсілін өздігінен таңдай отырып, олардың сақталуына толыққанды жауап береді.
  4. Компания өз қарауынша Пайдаланушының есептік жазбасын пайдалана отырып, оның Сервиске (немесе Сервистің белгілі бір атқарымдарына, егер де ол технологиялық тұрғыдан мүмкін болса) қолжетімділігін шектеу не болмаса Келісімнің осы талаптары бірнеше рет бұзылған жағдайда Пайдаланушының есептік жазбасын толығымен бұғаттау немесе заңнама талаптарын немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Пайдаланушыға басқадай шаралар қолдану құқығын өзіне қалдырады.
  5. Ainews Сервистерінің есептік жазбасын пайдалана отырып авторланған Сервис Пайдаланушысы сервистің арнайы виджетінде 4-тармақта сипатталған талаптарда Ақпаратқа пікір жариялау мүмкіндігіне ие. Пікірлерде ұсынылған мәліметтер жаңалықтық ақпарат болып табылмайды және Ақпарат мазмұнына қатысты Пайдаланушының субъективті пікіріне негізделген.
3. Сервисте тіркелу талаптары
  1. Кәмелет жасқа толған Пайдаланушы Порталға тіркеліп, осы Келісімге отырғаннан кейін, Сервисті пайдалануға құқылы. Кәмелетке толмаған Пайдаланушы Сервисті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте пайдалануға құқылы.
  2. Пайдаланушының Ainews-ке тіркелуі оның осы Келісімнің шарттарын сөзсіз қабылдағанын білдіреді. Пайдаланушының, Сайтта орналастырылған ақпаратты қарауды қоса алғанда, Сайтты пайдалануы Пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімімен толық келісетінін және оның Сайтты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа, сонымен қатар Пайдаланушыға қатысты көзделген жауапкершілікке сай әрекет ету міндеттемелерін өзіне толығымен қабылдайтынын білдіреді.
  3. Пайдаланушы тіркелу кезінде Сайтта Сайттың «Тіркелу» бөліміндегі тиісті өрістерге Есепке алу деректерін енгізу жолымен есептік жазба қалыптастырып, онда логин (электронды пошта мекенжайы) мен парольді көрсетеді. Пайдаланушы Порталға тіркелу (есептік жазба қалыптастыру) процесін «Мен Пайдаланушы келісімі мен Құпиялылық саясаты талаптарын қабылдаймын» талабын қабылдаумен аяқтайды.
  4. Тіркелу кезінде Пайдаланушы өз бетінше таңдайтын Есепке алу деректері көрсетіледі. Есептік жазбаны тіркеу Пайдаланушының бір электронды пошта мекенжайына бір рет жүргізіледі. Осыған дейін Тіркелу кезінде көрсетілген электронды пошта мекенжайын пайдалана отырып жаңа есептік жазбаны Сайтта қайталап тіркеуге жол берілмейді.
  5. Ainews Пайдаланушы тіркелу кезінде көрсеткен электронды пошта мекенжайына нақты Пайдаланушыға арнап электронды мекенжай мен Сайттағы есептік жазбаны верификаттау үшін қалыптастырылған уақытша сілтемені жібереді. Уақытша сілтеме Пайдаланушыға жіберілгеннен кейінгі 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жарамды болады. Осы тармақта көрсетілген уақытша сілтеме бойынша өту фактісі Пайдаланушының Сайтқа қолжетімділік және оны пайдалану құқығын растау болып табылады.
  6. Пайдаланушының Есепке алу деректері пайдаланыла отырып жасалған кез келген әрекет Пайдаланушының өзі немесе ол өкілеттік берген тұлғалар жасаған әрекет болып саналады және Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін артылатын жауапкершілікті қоса алғанда, мұндай әрекеттерге қатысты міндеттер мен жауапкершілік белгілейді.
  7. Пайдаланушы егер де бұл деректер ашылып немесе ол өкілеттік бермеген үшінші тұлғалар тарапынан пайдаланылған болуы мүмкін деп күдіктенуге себебі болған жағдайда Есепке алу деректерін дереу өзгертуге міндетті.
  8. Пайдаланушы Сайттағы Есепке алу деректерін өзгертуге және/немесе жоюға құқылы. Оларды жою келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
  9. Пайдаланушы Сайттың «Баптаулар» тармағындағы «аккаунтты жою» түймешігін басады. Келісімнің осы тармағында көрсетілген түймешікті басқаннан кейін бірден есептік жазба автоматты түрде 30 тәулік мерзімге бұғатталады, бұл мерзім ішінде оны пайдалана отырып орналастырылған Контент пен Ақпарат және Пайдаланушының басқа да деректері жойылмайды, бірақ басқа Пайдаланушылар үшін жасырын болып табылады;
  10. Пайдаланушы жоғарыда көрсетілген 30 тәулік ішінде Сайттағы өзінің есептік жазбасының есепке алу деректерін (логин және пароль) пайдалана отырып, Сайтта авторланып, өзінің есептік жазбасын қалпына келтіре алады. Осыдан соң Пайдаланушының есептік жазбасы қалпына келтіріледі, көрсетілген Контенттер мен Ақпаратқа және Пайдаланушының басқа деректеріне қолжетімділік бұғатталу сәтінде болған көлемде жаңартылады (Пайдаланушы келісімін, Сайттың және Ainews-тің жұмысын реттейтін басқа нормалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзатын Контент пен Ақпаратты қоспағанда);
  11. Егер жоғарыда көрсетілген 30 тәулік ішінде Пайдаланушының есептік жазбасы қалпына келтірілмесе, көрсетілген мерзім өткен соң, есептік жазба, осы есептік жазба пайдаланыла отырып орналастырылған Пайдаланушының Контенті, Ақпараты және басқа ақпаратының барлық көлемі қалпына келтірілуге жатпайды.
  12. Әкімшілік Пайдаланушы соңғы авторланған күнінен кейінгі күнтізбелік 12 ай ішінде Сайтты пайдаланбаған (өзінің логинімен және паролімен авторлануды жүзеге асырмаған) жағдайда, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда Пайдаланушының есептік жазбасын өз бетінше өз қарауынша бұғаттауға немесе жоюға құқылы.
  13. Сайтқа Контент және/немесе Ақпарат орналастыру кезінде Пайдаланушының ол тіркелген және Контент және/немесе Ақпарат орналастырған (жүктеген) кезде көрсеткен лақап аты (никнейм) көрсетіледі. Пайдаланушының никнеймі нормативтік емес лексиканы және қорлау түрінде қабылдануы мүмкін сөздерді, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын сөз саптаулар мен сөздерді қамтымауы тиіс.
  14. Осы Келісімді жасай отырып, Пайдаланушыға Ainews-ті пайдалану мүмкіндігін, Ainews атқарымын дамыту мен жақсарту мүмкіндіктерін беру, сондай-ақ Компанияның Құпиялылық саясатында көрсетілген басқадай мақсаттары үшін, Пайдаланушы Компанияға төмендегілерге сөзсіз келісімін береді:
  15. Пайдаланушының дербес деректерін жинау, оның ішінде Ainews-тен басқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімді қайнар көздерден;
  16. өз қарауынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілдермен Дербес деректерді өңдеу (оның ішінде Компанияның үлестес тұлғалары және Серіктестері тарапынан);
  17. Дербес деректерді Серіктестерге және үлестес тұлғаларға беру, оның ішінде трансшекаралық беру;
  18. өзінің Дербес деректерін Сайттың және Компанияның шектес сервистерінің үшінші тұлға-пайдаланушыларына Пайдаланушы Ainews атқарымы шеңберінде белгілеген шектерде беру және ашу, бұл ретте Пайдаланушы белгілі бір баптауларды орнату кезінде Пайдаланушының деректері Ainews-тің және Компанияның шектес сервистерінің пайдаланушылары – қалың бұқараға қолжетімді болуы мүмкін екенін мойындайды;
  19. Дербес деректерге қатысты Компанияның Құпиялылық саясатында көрсетілуі мүмкін басқа құқықтар.
  20. Осы Пайдаланушы келісімін жасай отыра, Пайдаланушы үшінші тұлғалардан да, Компаниядан да жарнама ақпаратын алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді. Пайдаланушы Компанияның сілтемелері тиісті материалдарда болуы мүмкін сайттарды қоса алғанда, ондай ақпараттың мазмұнын белгілемейтінін және олар үшін жауапкершілік көтермейтінін қабылдайды және онымен келіседі.
4. Сервисте пікір қалдыру шарттары
  1. Сервис Пайдаланушыға Сервис беттерінде орналастырылған материалдардың мазмұнына қатысты Пайдаланушының жеке пікірін (бұдан әрі - Пікір) білдіретін хабарламаларды қарау және жариялау мүмкіндігін ұсынады.
  2. Сервистің толық атқарымдылығы Пайдаланушыға ол осыған дейін тіркелген Компания Сервистері Пайдаланушысының есептік жазбасын пайдалана отырып Сервисте авторлану рәсімінен өткен кезде қолжетімді болады. Пайдаланушыға, сондай-ақ, Сервиспен интеграцияны қолдайтын үшінші тұлғалардың сервистерінің есептік жазбаларын пайдалана отырып авторлану ұсынылуы мүмкін. Үшінші тұлғалардың сервистерінің есептік жазбасын пайдалана отырып, Пайдаланушы Компанияның ол ұсынған есептік жазбадағы ақпаратты Сервис атқарымын пайдалану мақсатында Құпиялылық саясаты талаптарында (​https://ainews.kz/privacy) өңдеуіне келісімін білдіреді. Авторлану рәсімінен және (сұратылған жағдайда) түпнұсқаландыру рәсімінен өтпеген Пайдаланушыға Пайдаланушы жариялаған Пікірлерді қарауға рұқсат беретін Сервистің шектеулі атқарымы қолжетімді.
  3. Пікірді орналастыра отырып, Пайдаланушы хабардар етілген болып саналады және ол ұсынған мәліметтер, сонымен қатар жарияланған Пікірдің жанына орналастырылған есім мен Пайдаланушының есептік жазбасы (аватар) үшін қойылған суреттің дүние жүзі бойынша саны шектеусіз адамдар тобына қолжетімді болатынымен келіседі.
  4. Пайдаланушы Сервисті тек заңды, рұқсат етілген және тиімді мақсаттарда ғана пайдалануға міндеттенеді. Сервисті пайдалану кезінде Пайдаланушыға төмендегілерге тыйым салынады:
  5. Сервисті құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асыру үшін пайдалану;
  6. Компанияның, басқа Пайдаланушылардың және үшінші тұлғалардың ерекше құқықтарын бұзу;
  7. көрінеу жалған, дүдәмал, жаңылыстыратын ақпаратты таратуды жүзеге асыру;
  8. қорлау, қоқан-лоққы, балағат сөздер, есеңгіретерлік контент, қасақана қорқыту, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін заңсыз және/немесе қауіпті мінез-құлыққа арандатуларды қамтитын Пікірлерді орналастыру;
  9. өшпенділік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын, оның ішінде жағымсыз сөздер, әлеуметтік топтарға қатыстылығы; нәсілі мен ұлты; жыныстық бағдары немесе гендерлік барабарлығы; жасы; саяси көзқарасы; діни сенімі бойынша белгілеріне, сонымен қатар кез келген басқа белгілеріне байланысты адамдарға немесе адамдар тобына қатысты кемсітушілік пен озбырлыққа шақыратын Пікірлерді орналастыру;
  10. бейәдеп мазмұндағы, оның ішінде сексуалды қызметтер көрсету және серік іздеу мазмұнындағы Пікірлерді орналастыру;
  11. үшінші тұлғалардың келісімінсіз олардың дербес деректерін орналастыру;
  12. жарнама сілтемелерін, хабарламаларын, материалдарын орналастыру, спам тарату;
  13. Компанияның, Пайдаланушылардың жән үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына алып келетін басқа әрекеттерді жүзеге асыру.
  14. Пікірді орналастыра отырып, Пайдаланушы Компанияға автоматты түрде қайтарымсыз, шартсыз және қайтарып алусыз Пікірді дүние жүзі аумағында Компанияның қарауынша кез келген тәсілмен пайдалануға, оның ішінде кез келген заңды тәсілмен ойнатуға, көшіруге, іріктеуге, жүйелеуге, түрлендіруге, өзгертуге, редакциялауға, аударуға, жариялауға, таратуға (толық немесе ішінара), жалпыға хабардар етуге, бірақ онымен де шектелмей, ерекше емес құқық береді. Пікірді орналастыра отырып, Пайдаланушы Компанияға орналастырылған Пікірді пайдалануға аталған құқықты беруге тиісті құқықтары мен өкілеттіктерінің бар екенін растайды.
5. Шектеулер
  1. Компания Сервистің Пайдаланушының мақсаттарына сай және ол күткендей болатынына, Пайдаланушы Сервисте ұсынған және орналастырған деректердің сақталуына, жалпы Сервистің және оның жекелеген атқарымдық мүмкіндіктерінің толассыз әрі жаңылыссыз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді, жекелей алғанда, Компания кез келген сәтте Сервис ұсынатын атқарымдық мүмкіндіктерді толық немесе ішінара өзгертуге құқылы.
  2. Компания Сервистің қандай да бір пайдаланылуының немесе пайдалану мүмкін болмаған жағдайлардың қандай да бір тікелей немесе жанама салдарлары және/немесе Сервистің немесе оның жекелеген атқарымдарының қандай да бір пайдаланылуы, пайдаланылмауы немесе пайдаланудың мүмкін болмауы нәтижесінде Пайдаланушыға және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген, оның ішінде Сервис жұмысындағы жаңылыстар мен іркілістер нәтижесінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді.
  3. Сайт және Сайт иесі Пайдаланушының ақпаратты жоғалтуы, сонымен қатар Сайтта байланыс нысанын пайдалана отырып алынған ақпараттың бұрмалануы немесе хабарламаның жоғалуы үшін жауапкершілік көтермейді. Сайт және Сайт иесі салдарларының алдын алу немесе шара қолдану мүмкін болмайтын күші еңсерілмейтін жағдайлар нәтижесінде міндеттемелердің орындалмағаны немесе орындаудың қиындығы үшін жауапкершілік көтермейді.
  4. Компания заңнамаға сәйкестігін және үшінші тұлғалардың құқықтарының сақталуын қоса алғанда, Сервиске орналастырылған ақпараттың дәйектілігіне, нақтылығына, толықтығына және сапасына кепілдік бермейді. Компания ешқандай жағдайда да Сервиске орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді. Пайдаланушы ақпараттың сенімділігін, толықтығын және пайдалылығын бағалауды, сонымен қатар оның заңнамаға сәйкестігін қоса алғанда, оны пайдаланумен байланысты тәуекелдердің барлығын өз бетінше бағалауы тиіс.
  5. Пайдаланушы өзі жариялайтын Пікірдің заңнамаға сәйкестігі, мазмұны, толықтығы, дұрыстығы және дәйектілігі үшін өз бетінше және толығымен барлық тәуекелдер мен жауапкершілікті көтереді. Компания Пайдаланушының пікірін ескертусіз және өз қарауынша, оның ішінде оның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келген жағдайларда да, өшіру құқығын өзіне қалдырады, сонымен қатар Пайдаланушының Сервиске қолжетімділігін шектеуге немесе Келісімнің осы талаптары немесе басқа реттеуші құжаттардың талаптары бірнеше рет немесе өрескел түрде бұзылған жағдайда Пайдаланушының есептік жазбасын толығымен бұғаттауға не болмаса заңнама талаптарын немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мақсатында Пайдаланушыға басқа шараларды қолдануға құқылы.
  6. Пайдаланушының әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни жеккөрушілік пен өшпенділікті қоздыратын үгіт пен насихатты, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік немесе басқадай артықшылық насихатын жүргізуіне тыйым салынады;
6. Қорытынды ережелер
  1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Осы Келісімнің шарттарын Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бетінше белгілейді және олар Пайдаланушы тарапынан жалпы алғанда осы Келісімге қосылу жолымен ғана қабылданады.
  2. Кез келген тұлғаның (Пайдаланушының) Сервисті пайдалануға қатысты іс-әрекеті осы Келісіммен, Компанияның Құпиялылық саясатымен және осы құжатта көрсетілген барлық жағдайлармен келісуінің белгісі болып табылады.
  3. Осы Келісім Пайдаланушының осы Келісімнің 3-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және Пайдаланушының Компанияда тіркелген Есепке алу деректерінің болуымен анықталатын Компанияның Пайдаланушыға қызметтер көрсетуі мерзімінде жарамды болады. Пайдаланушы кез келген уақытта Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 1/4 ғимараты мекенжайы бойынша Компанияға жазбаша хабарландыру жіберу жолымен осы Келісімнен бас тарта алады, оның ішінде өзгертулер мен толықтыруларға келіспеген жағдайда да.
  4. Компания Компания сайтында және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) Келісімнің өзгертілген редакциясын жаиялау жолымен осы Келісімге өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар қолданба атқарымы шеңберінде олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін немесе Пайдаланушы Қолданбаны пайдалануын жалғастыра берсе, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады. Келісімнің қолданыстағы редакциясы сайтқа ​https://ainews.kz/terms сілтемесі бойынша орналастырылады.
  5. Компания осы келісім бойынша өзінің құқықтарын және/немесе міндеттемелерін жалпы алғанда да, жекелей де, Пайдаланушының келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқылы.
  6. Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады.
  7. Осы Келісімді орындаумен байланысты кез келген даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Пайдаланушы мен Компания оларды өз араларында міндетті сотқа дейінгі (кінәрат-талаптық) тәртіпті қолдана отырып келіссөздер жүргізу жолымен шешу үшін бар күш-жігерін салады. Даулар келіссөз жүргізу жолымен шешілмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Астана қ. жалпы хұкімді соттарында шешуге жатады.
  8. Осы Келісім қазақ және орыс тілдеріндегі заңды күші бірдей екі данада құрастырылды.