Компанияның интернет-ресурстары мен сайттарын пайдалану бойынша құпиялылық саясаты

Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – «Келісім») «AITU - Dala» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «​Компания​») (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 1/4 ғимараты) - «Ainews» сервисінің әкімшілігі және жеке тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») арасындағы Сервисті көпшілікке қолжетімді ақпаратты автоматты түрде индекстеу жолымен жинақталған интернет-сілтемелердің (бұдан әрі – «Сілтемелер») дербес ұсынымдарын қарау үшін пайдалануға қатысты қатынастарды реттейді.
1. Жалпы ережелер
  1. «AITU - Dala» ЖШС (бұдан әрі – «Компания»), Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын сақтау маңыздылығын түсініп және адам құқығын сақтауға бейілділігін таныта отырып, осы Құпиялылық саясатын әзірледі.
  2. Осы Құпиялылық саясаты — сайт көрсететін кез келген қызметке жүгінетін жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратпен жұмыс тәртібін анықтайтын және реттейтін сайттың ресми құжаты. Осы Саясат пен Сайт әкімшілігінің басқа ресми құжаттары арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Саясат қолдануға жатады. Сайтта тіркеліп және оны пайдалана отырып, Пайдаланушы Саясат шарттарымен келіседі. Пайдаланушы Саясат шарттарымен келіспеген жағдайда Сайтты пайдалану дереу тоқтатылуы тиіс.
  3. Компанияның интернет-ресурстары мен сайттарын пайдалану бойынша Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады және Пайдаланушы келісіміне қосылған Пайдаланушылардың барлығына қатысты қолданылады. Компания аталған Саясатқа Саясаттың өзгертілген редакциясын Компания сайтына орналастыру және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау жолымен өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар сайт атқарымы шеңберінде олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін немесе Пайдаланушы сайтты пайдалануын жалғастырса, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады. Осы Саясаттың қолданыстағы редакциясы Компания сайтында https://ainews.kz/privacy сілтемеcі бойынша (бұдан әрі – «​Сервис​») орналасады.
  4. Осы Саясатта қолданылатын терминдер мен анықтамалар Пайдаланушы келісіміндегідей мағынаға ие.
  5. Сайт әкімшілігінің Пайдаланушылар алдындағы міндеттемелерді орындауы мақсатында қажет болған тексерулерді қоспағанда, Сайт әкімшілігі пайдаланушылар Сайтта қалдыратын олар туралы ақпараттың дәйектілігін тексермейді.
  6. Осы Саясаттың мақсаты Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау мен өңдеу мақсаттары жайында, Сервисті қоса алғанда Компанияның интернет-ресурстарын пайдалану аясында Пайдаланушылардың қандай дербес деректері жиналып, өңделетіні жайлы және Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауға қатысты Компания қолданатын шаралар туралы Компания тарапынан ақпараттандыру болып табылады.
  7. Осы Саясат пайдаланушылар жайлы ақпараттың, оның ішінде олардың дербес деректерінің рұқсатсыз қолжетімділіктен және жария болудан тиісінше қорғалуын қамтамасыз етуге арналған.
  8. Осы Саясат тек Қолданба мен Компанияның Интернет-ресурстарына және олар арқылы жиналатын ақпаратқа ғана таралады. Ол басқа ешқандай қосымшалар мен ресурстарға таралмайды және веб-қосымшаларға немесе үшінші тұлғалардың басқа қосымшаларына қолданылмайды.
2. Дербес деректерді жинау және өңдеу
  1. Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Компания тарапынан да, оның Серіктестері тарапынан да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Пайдаланушылардың Дербес деректерін жинау және өңдеу Пайдаланушы келісімін орындау, Пайдаланушыға Сервистерді ұсыну, оның ішінде оған Сервисті және Компанияның басқа интернет-ресурстарын пайдалануға қатысты хабарландырулар, ақпарат жіберу, сондай-ақ Пайдаланушының сұратуларын өңдеу, Пайдаланушыны Пайдаланушы келісіміне өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілгенінен хабардар ету, Пайдаланушыға дербестендірілген қызметтерді және жарнама материалдары мен контентті таргеттеуді ұсынуды қоса алғанда, ұсынылатын Сервистер, маркетингтік белсенділіктер, жарнама науқандары және нарықты зерттеулер сапасын арттыру, жаңа Сервистерді әзірлеу және ұсыну, конкурстарға қатысу, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес Компанияның құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы мақсатында жүзеге асырылады.
  2. Жария құжат болып табылатын Саясаттың қолданыстағы редакциясы Интернет желісінің кез келген пайдаланушысына https://ainews.kz/privacy сілтемесі бойынша өткен кезде қолжетімді. Сайт әкімшілігі Саясатқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген өзгертулерді енгізуге құқылы. Саясаттың жаңа редакциясын тұрақты мекенжай бойынша орналастыру Сайт пайдаланушыларына Саясатқа енгізілген өзгертулер жайында хабарлау болып табылады.
  3. Сервисті және басқа интернет ресурстарды пайдалану кезінде Компания немесе Серіктес ұялы телефон нөмірін, электронды пошта мекенжайын, IP мекенжайын, Сервиске кірулер күні мен уақытын, сонымен қатар қолжетімді «cookies»-ті, браузер және операциялық жүйе туралы ақпаратты, Аватар (Пайдаланушы орналастырған сурет), сайттағы пайдаланушы аты, жынысы, туған күні, Пайдаланушының қолжетімділік құқығын келісу және растау секілді пайдаланушы ұсынған деректерді және жоғарыда 2.1 тармақта көрсетілген жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті өзге деректерді қоса алғанда, Пайдаланушы ұсынған деректерді жинап, өңдеуі мүмкін.
  4. Сайт әкімшілігі Пайдаланушыдан, жекелей алғанда, жеке басты куәландыратын құжаттың немесе Пайдаланушының атын, тегін, суретін қамтитын басқа құжаттың көшірмесін, сонымен қатар Сайт әкімшілігінің қарауынша ондай Пайдаланушыны сәйкестендіруге қажетті және жеткілікті болып табылатын және үшінші тұлғалардың құқықтарын асыра пайдалануды және бұзуды болдырмайтын басқадай қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
  5. Дербес деректер Пайдаланушы тарапынан толықтырылуы мүмкін. Оған қоса, Компания Пайдаланушының дербес деректерін ашық дереккөздер арқылы немесе Компаниямен шарттық қарым-қатынас негізінде үшінші тұлғалардан толықтыра немесе нақтылай алады.
  6. Пайдаланушының дербес деректерін жинау Сайтта тіркелу кезінде, сонымен қатар кейіннен Пайдаланушы өз бастамасы бойынша Сайт құралдарына қосымша мәліметтер енгізген кезде жүзеге асырылады. Дербес деректерді қолмен өңдеу заңнама талаптарын орындауға байланысты қажет болған жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушылардың дербес деректері тек электронды тасымалдаушыларда ғана сақталады және автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып өңделеді. Осы Ережеде және Пайдаланушымен келісім талаптарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда Пайдаланушылардың дербес деректері қандай да бір үшінші тұлғаларға берілмейді. Мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша Пайдаланушылардың дербес деректерін ұсыну заңнамада көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
  7. Дербес деректерді сақтау Компания тарапынан Қазақстан Республикасы аумағында Пайдаланушы келісімі бойынша оларды жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзім ішінде және көрсетілген Пайдаланушы келісімінің қолданысы тоқтатылғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
  8. Пайдаланушы Дербес деректерін жинау мен өңдеуге берген өзінің келісімін қайтарып алуына болады. Келісімді қайтарып алу Пайдаланушы келісімін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға алып келуі мүмкін. Келісімді қайтарып алу үшін Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінде көрсетілген Компания мекенжайына жазбаша өтініш беруі керек.
3. Құпиялылықты сақтау үшін пайдаланылатын қауіпсіздік шаралары
  1. Пайдаланушылардың дербес деректері құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
  2. Сайт әкімшілігі Пайдаланушылардың дербес деректерінің кез келген құқыққа қайшы әрекеттерден қорғалуын қамтамасыз ету үшін мүмкін болған барлық техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды қолданады. Сайтқа қолжетімділікті авторлау үшін Пайдаланушының логині (электронды пошта мекенжайы) және пароль пайдаланылады, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқала және ұялы телефон нөмірімен кіруді жүзеге асыруға болады. Аталған ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілікті Пайдаланушы көтереді. Пайдаланушының өзінің логині мен паролін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ, сонымен қатар ол олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге қатысты шараларды қолдануға міндетті.
  3. Компания мен оның Серіктестері заманауи технологиялар мен ішкі рәсімдерге ие және Дербес деректерді бөгде араласулардан, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оны өзгерту, ашу немесе жою әрекеттерінен қорғауға бағытталған барлық іс-әрекетті жүзеге асырады. Компания өзінің әрбір Серіктесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген нысанда ақпараттың, оның ішінде Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын көздейтін шарттың болуын қамтамасыз етеді.
  4. Қосымша интернет желісінде Пайдаланушы мен Қосымша арасында жүретін деректердің қорғалуын TLS v1.2 криптографиялық хаттамасын пайдалана отырып, HTTPS қорғалған хаттамасы бойынша қамтамасыз етеді.
  5. Сайт әкімшілігі Интернетті немесе Сайт қызметтерін пайдалану нәтижесінде Пайдаланушы жайлы ақпаратқа қолжетімділік алған үшінші тұлғалардың әрекеті үшін және ақпаратты пайдалану салдарлары үшін жауапкершілік көтермейді.
  6. Пайдаланушылардың Дербес деректеріне қолжетімділік тек Компания мен Серіктестердің аталған ақпарат қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті қызметкерлеріне ғана беріледі.
  7. Сайт әкімшілігі пайдаланушының дербес деректерінің оған құқыққа қайшы немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, оны жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сонымен қатар басқа да құқыққа қайшы әрекеттерден қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды қолданады.
  8. Компания мен Серіктестіктің барлық қызметкерлері және Дербес деректермен жұмыс істейтін өзге тұлғалар құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының Дербес деректерді өңдеу саласындағы нормалары мен талаптарын бұзған жағдайдағы ықтимал тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.
4. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға ұсыну
  1. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте және жағдайларда жүргізіледі.
  2. Пайдаланушы келісімін орындау және Қолданбаны пайдаланудың пайдаланушылық тәжірибесін жақсарту мақсатында Компания Қолданбаның жаңа атқарымын (ақпараттық, жарнама, білім беру, ойын-сауық және басқадай сипаттағы сервистер мен өнімдерді қоса алғанда), оның ішінде үлестес тұлғалар мен Серіктестерді тарта отырып, дамытады, жетілдіреді, оңтайландырады және енгізеді. Аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Пайдаланушы Компанияның қолданыстағы заңнаманы сақтай отыра, Пайдаланушының Дербес деректерін, ондай деректерді автоматтандырылған өңдеу нәтижелерін, оның ішінде бүтінсанды және/немесе мәтінді мәндер мен сәйкестендіргіштер түріндегі нәтижелерін қоса алғандағы өңдеуді, оларды үлестес тұлғаларға және/немесе Серіктестерге мұндай өңдеуге келісімді орындау үшін трансшекаралық беруді қоса алғандағы беруді жүзеге асыруына келісіп, рұқсат береді.
  3. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда Компания оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғау бойынша барлық ұйғарынды шараларды қолданады және оларды осы Саясаттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді. Компания Пайдаланушылардың жеке өміріне араласпаушылыққа құқығын қамтамасыз етеді және сәйкесінше ешқандай үшінші тұлғала, оның ішінде Серіктестер де Пайдаланушылардың хат алмасуы жайлы ақпаратты алмайды.
  4. Жоғарыдағы 4.1-4. 3 тармақтардың ережелеріне қарамастан, Пайдаланушы оның деректері Интернет арқылы берілетінін және Компания Пайдаланушы Сервиске және оның басқа сервистеріне беретін, қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер нәтижесінде үшінші тұлғалар рұқсатсыз қолжетімділік алуы мүмкін деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін түсінеді. Осыған байланысты деректерді кез келген беруді Пайдаланушы тәуекелге бара отырып жүзеге асырады және Компания деректердің не олардың бір бөлігінің мәлім болуы және сәйкесінше Пайдаланушыға зиян келуі үшін жауапкершілік көтермейді.
5. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
  1. Пайдаланушылар сайт Ресурстарына шектеусіз тегін қолжетімділікке құқылы, сол арқылы өздері жайлы ақпаратты жаңартып отырады.
  2. Пайдаланушының тіркелуді жүзеге асырып, осы сайтты пайдалануға мүмкіндік беретін қажетті барлық құқықтары бар.
  3. Сайт қызметтерін пайдалануға қажетті көлемде өзі жайлы сенімді ақпаратты көрсету.
  4. Пайдаланушының өзі жайлы Сайтқа орналастыратын ақпараты міндеттемелерді орындау үшін Сайт әкімшілігі тартқан үшінші тұлғаларға қолжетімді болуы мүмкін екендігін түсіну.
  5. Пайдаланушы Сайтта оның дербес деректерін қамтитын ақпараттың сақтаулы немесе сақтаулы емес екендігі, сақтаулы дербес деректердің жойылуы, сақтаулы дербес деректерді нақтылау немесе түзету бойынша мәіметтер алуға құқылы.
  6. Сұрақтар туындаған кезде, сонымен қатар дербес деректерді өңдеуге, өшіруге, нақтылауға және түзетуге қатысты мәліметтер алу үшін Пайдаланушы сайт Әкімшілігінің support@ainews.kz электронды пошта мекенжайына сұрату жіберуге құқылы.