Оқиғалар

Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

- qazaqstan.tv

Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31 шақырымында болды. Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson маркалы автокөліктер бір-бірімен соғысқан. Салдарынан Hyundai Tucson-ның 1985 жылы туған жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Ал, екінші көліктегі адамдар аман қалды. Олар түрлі дене жарақатын алған. Облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жандос Темірғали...


Ұсынамыз