Ерден Оралбай: Әлкей Марғұлан археология мен этнографияны ұштастыра білген ғалым
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл мамыр айында қазақ археологиясының атасы – Әлкей Марғұланның туғанына 116 жыл толды. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың ғылыми қызметкері Ерден Оралбай ҚазАқпарат тілшісіне археолог, тарихшының өмір жолы, ғылымға қосқан үлесі туралы әңгімелеп берді.
- Сұхбатымызды Әлкей Марғұланның ата-анасынан бастасақ. Әлкей Марғұланның ғылым жолына түсуінде олардың рөлі қандай болды ?
- Әлкей Хақанұлы – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Олжабай батыр Орта жүз...